ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
«Каспий Инжиниринг» ЖШС қызметінің жаңа бағыттары
Қазақстан Республикасының мұнай саласының соңғы жылдардағы қарқынды дамуын ескере отырып, компания көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту жөніндегі стратегияны белсенді түрде іске асыруда. Нарықтағы он жылдан астам тәжірибе, жоғары білікті мамандардан құралған ұжым, заманауи корпоративтік және жобалық басқару жүйелерінің енгізілуі, сондай-ақ озық бағдарламалық шешімдерді қолдану – қызметтің жаңа бағыттарын тиімді игеруге мүмкіндік беріп отыр.
Бұған қоса компания Қазақстанның басты мұнай өңірлерінен – Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе және Қарағанды қалаларынан үздік мамандарды тартумен қатар, шетелдерден – Үндістан, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстаннан тәжірибелі кәсіби мамандарды шақыру бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде.
«Каспий инжиниринг» ЖШС кен орнын игерудің барлық кезеңдерінде кең ауқымды қызметтер ұсынады:
- Барлау, бағалау, игеру және өндіру бойынша қызметтер:
- Лицензиялық блоктардың геологиялық әлеуеттілігін бағалау;
- Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес қорларды тәуелсіз есептеу және оларды мемлекеттік органдарда қорғау;
- Кен орындарының геологиялық моделін жасау;
- Кен орындарының гидродинамикалық моделін әзірлеу;
- Кен орындарын барлау, бағалау және игеру жұмыстарын жоспарлау және жобалау;
- Есептерді дайындау және мемлекеттік органдармен келісімдеу;
- Активтерді сатып алу немесе сату бойынша тәуелсіз бағалау;
- Ұңғымаларды орналастыру нүктесін негіздеу және таңдау;
- Іздеу, бағалау және пайдалану ұңғымаларын бұрғылау бойынша техникалық жобаларды әзірлеу;
- Кен орындарын игеру тұжырымдамасын әзірлеу, оның ішінде теңіз жобалары үшін;
- Теңіз және құрлықтағы кен орындарын игеру нысандарын жобалау
Мұнай және газ кен орындарын кешенді операциялық басқару
Жыл сайын Қазақстанда шетелдік және отандық компаниялардың мұнай-газ активтерін сатып алу-сату бойынша бірнеше мәмілелер жасалады. Жер қойнауын жаңа пайдаланушылары, әсiресе шетелдiк инвесторлар, сатып алынған активтердi басқаруды жүзеге асыру кезiнде бір қатар қиындықтарға ұшырайды. Негізгі мәселелер бiлiктi жергiлiктi мамандардың болмауы мен кен орындарын барлауға, жайластыруға және игеруге арналған жобалық құжаттарды әзiрлеу мен келiсу кезiндегi күрделiлiкке байланысты. Газды кәдеге жарату бағдарламаларын келiсімде мен iске асыру кезiнде де мәселелер туындайды. Сонымен қатар қызметтер нарығы мен мұнай-газ жабдығы туралы ақпараттың аз болуы тағы бар. Бұл белгісіздіктерге байланысты тәуекелдердің туындау ықтималдығы инвестициялардың салынбай қалуына себеп болуы мүмкін.
Қазiргi уақытта Қазақстанда кен орындарын кешендi операциялық басқару жөнiнде қызметтер ұсынатын компаниялар жоқ.
Компанияның көп жылдық жұмыс тәжірибесі және мұнай-газ саласы мамандарының кең базасы бар. Оның ұжымында геология, өндіру, игеру, жайластыру, қаржы, экономика, еңбекті қорғау және қоршаған орта салаларының сарапшылары, сондай-ақ заңгерлер мен басқа да мамандар бар. Олардың көпшілігі Теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Ембі кен орындары тобы, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Әлібекмола, Қожасай, Қаратөбе сияқты Қазақстанның ірі кен орындарындағы және басқа да жобаларға қатысқан. Бұл нысандар геологиялық жағдайлар, қорлардың көлемі, игеру сатылары, жайластыру тәсілдері, меншік нысандары және басқару жүйелері бойынша ерекшеленеді. Жинақталған тәжірибе мен кәсіби әлеуеттің арқасында мамандар ұжымы жеке жер қойнауын пайдаланушыларға геологиялық барлаудан бастап өнеркәсіптік игеруге дейінгі барлық кезеңдерде кен орындарын кешенді басқару қызметтерін ұсынады.
Кешенді қызметтер:
- Негізгі басқарушы және техникалық персоналды ұсыну
- Кен орындарын барлауға, игеруге және жайластыруға арналған жобалық құжаттарды әзірлеу, мемлекеттік органдарда келісу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
- Жер қойнауын пайдаланушылардың өндірістік қызметін басқару, өндірістік көрсеткіштерді орындау, ГТМ жоспарларын әзірлеу және орындау.
- Кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.
- Корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, жобаларды басқару жүйесін енгізу.
- Айқын басқару тетігі, мерзімді есептілік.
- Мұнай мен газды қосымша өндіруді қамтамасыз ету және кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттары:
- Қолда бар немесе жаңа сейсмикалық деректер, тарихи геологиялық-кәсіпшілік ақпарат негізінде кен орындарының геологиялық және гидродинамикалық модельдерін жасау.
- Кен орнын игерудің ағымдағы жай-күйін талдау, геологиялық-техникалық іс-шараларды жоспарлау және іске асыру.
- Қабаттардың мұнай беруін арттыру бойынша жаңа технологияларды енгізу.
- Күрделі және пайдалану шығыстарын талдау және шығындарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау.
- Ұңғымалардың техникалық жай-күйін талдау және ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеуді жоспарлау.
- ППД жүйесін талдау және суландыру жүйесін оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау.
- Операторлық компанияны басқарудың тиімді жүйесін құру
- Шаруашылық және өзге де қызметтің 1 санаты үшін табиғат қорғауды жобалау, нормалау
