КОМПАНИЯМЫЗ ТУРАЛЫ

«Каспий Инжиниринг» ЖШС 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіп салаларында қызмет атқаратын лицензияланған жобалау ұйымы ретінде табысты жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік бағытында да жұмыс істеуге ресми аттестат иеленген

Компания туралы

Компания қызметінің бағыттары

2002 жылдан бері компания өз қызметін жүйелі түрде дамытып, шағын жобалау ұжымынан Атырау өңіріндегі өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс жобалау саласының жетекші ұйымдарының біріне айналды. Осы жылдар ішінде күрделі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі мол, жоғары білікті мамандардан құралған тұрақты ұжым қалыптасты. Компания Атырау мұнай және газ институтымен ұзақ мерзімді әріптестік орнатқан. Жыл сайын сол оқу орнының студенттері біздің ұйым базасында тәжірибеден өтіп, алғашқы кәсіби машықтарын меңгереді

Компанияның миссиясы

Біздің миссиямыз – Қазақстанда инновациялық-инженерлік жобалау саласында ең үздік компания болу

Біздің көзқарасымыз

Біз өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс салаларында жоғары сапалы, қауіпсіз және сенімді жобалау қызметтерін ұсынып әрбір тапсырыс берушінің талабын толық қанағаттандырып, күткен нәтижесіне қол жеткізуге бар күшімізді саламыз