БІЗ, ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАНДАРДЫҢ ҰЖЫМЫ, АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК НЫСҚАЛАРДЫ ЖОБАЛАУ НАРЫҒЫНДА 20 ЖЫЛДАН АСҚА БЕРІ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЕТІП ЖАТЫРМЫЗ
Садвакасова Куляш Абдрашевна
Қаржылық директор
Жалпы еңбек өтілі 30 жылды құрайды. Еңбек жолын 1984 жылы Гурьев механикалық зауытында бастаған, онда Еңбек және жалақы бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Одан әрі «Гурьев-Автосервис» ЖШС-де басшының орынбасары ретінде еңбек жолын жалғастырды, қаржы және кадр мәселелеріне жетекшілік етті. 2000 жылдың басынан «КазахстанКаспийШельф» компаниясында есептік бухгалтер лауазымында жұмыс істеді. 2006 жылы «Виттевен-Бос» компаниясында бухгалтерлік және салық есебін толық жүргізетін бас бухгалтер лауазымында жұмыс істеді. 2014 жылдың сәуір айынан бастап «Каспий Инжиниринг» ЖШС-де қаржы директоры қызметін атқарып келеді
Салмақбай Нұрлан Саинұлы
Корпоративтік сервис жөніндегі бас директордың орынбасары
Жалпы еңбек өтілі 30 жылды құрайды. «Каспий Инжиниринг» ЖШС-де корпоративтік сервис жөніндегі бас директордың орынбасары лауазымындағы жұмысы барысында жобалау үдерісінің шарт жасасудан бастап, орындалған жұмыстарды тапсырыс берушілерге (олардың ішінде «GATE İnşaat Taahhüt Sanayi ve Ticaret», Agip KCO, NCPOC, «Punj Lloyd Kazakhstan LLP», ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.», «Жігермұнайсервис» ЖШС, «Атырау облысының құрылыс басқармасы» ММ сияқты компаниялар мен ұйымдар ) тапсыру арасындағы барлық кезеңдерін басқарып келеді
Саркулова Айгуль Тлеубергеновна
Бас директордың әлеуметтік жобалар жөніндегі орынбасары
Мұнай-газ саласындағы кәсіби тәжірибесі 11 жылдан асады. Еңбек тәжірибесі «Теңізшевройл» ЖШС (Теңіз кен орны), «Нобель Ойл» ЖШС (Мұнай Тастары), «Қашаған Б.В.» ЖШС («Болашақ» зауыты) және «Каспий Меруерты Оперэйтинг Компани» ЖШС («Меруерт» кен орны) компанияларында қалыптасқан. Жобалық құжаттаманы әзірлеуге және қолданыстағы зауыттарды күрделі жөндеуге дайындау үдерістеріне қатысқан, күрделі жобаларды іске асыру мақсатында ұзақ мерзімді жеткізілімдегі материалдарға тапсырыстарды ұйымдастырған, сенімділік және жобалау жөніндегі инженерлер тобын басқарған, бюджет жоспарлау мен ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз еткен, құбыр жүйелері мен механикалық жабдықтар бойынша техникалық кеңес берген, жобалау, сатып алу және құрылыс кезеңдерінде мердігерлік ұйымдардың жұмысын үйлестірген, мердігерлердің біліктілігін бағалау және іріктеу үдерістерін басқарған, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының әдістемелері мен орындалу кестелерін әзірлеуге қатысқан
