СЕРТИФИКАТТАР
Компания сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент салаларында халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді.
Ұйым қызметі ISO 9001, ISO 14001, СТ РК ISO 45001 және СТ РК ISO 37001 стандарттары бойынша сертификатталған. Ұйым қызметінің сәйкестігі “Team Expert SM” ЖШС (Қазақстан) және TÜV Rheinland Kazakhstan LLP (Халықаралық ұйым) компаниялары берген сертификаттармен дәлелденген-№01091P сертификаты (14.08.2007 ж.) – қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету және KZ56VEK00000791 жалпы аттестаты (18.08.2014 ж.) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығын береді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі ISO 37001
«Каспий Инжиниринг» ЖШС адалдық, ашықтық және іскерлік әдеп қағидаттарын берік ұстанады. Корпоративтік басқару стандарттарын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты тәуекелдерді азайту шеңберінде Компанияда ҚР СТ ISO 37001:2017 (Anti-bribery Management System) стандартына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқару жүйесі енгізілді.
Енгізу мақсаттары:
- сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, анықтау және оларға дер кезінде әрекет ету;
- сыбайлас жемқорлыққа мүлде жол бермеу мәдениетін қалыптастыру;
- бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету;
- әріптестер мен клиенттер тарапынан сенімді нығайту
Біздің позициямыз
Біз қандай да болса түрдегі сыбайлас жемқорлыққа жол бермейміз және оны ақтамаймыз.
Компанияның әрбір қызметкері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау және оны тиімді қолдануға жәрдемдесуді өзінің жеке жауапкершілігіне алған.
Төтенше байланыс желісі
Егер сізде сыбайлас жемқорлық фактілері, іскерлік әдеп қағидаттарын бұзу немесе Компания қызметкерлері тарапынан қиянат жасау туралы ақпарат болса, сіз бұл туралы келесі арналар арқылы есіміңізді көрсетпей хабарлай аласыз:
- Электрондық пошта: akku.orazgaliyeva@caspyeng.kz
- Төтенше байланыс желісінің телефоны / Whatsapp/ Telegram: +7 (777) 599-43-27
Барлық хабарласулар жария етілмей сақтықпен қаралады. Біз бұзушылықтар туралы шын ниетпен хабарлаған адамдарға қысым көрсетілмеуіне кепілдік береміз




